Mobile menu

Денсаулық сақтау мектебі – медициналық көмек көрсетудің сапалы индикаторы болып табылады.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына келісті бүгінгі күні денсаулық сақтау жүйесі басымдық міндеттерінің бірі аурулардың алдын алуы акценті болып табылады, ауруларды емдеудің экономикалық шығыны аталған аурулардың алдын алуынан асырылғаны дәлелденген. Осы жағдайларда денсаулық сақтау мектептерінде пациенттерді оқыту көкейкесті болып табылады. Оқыту бағдарламасы аурулар туралы, оның қалыптасатын тәуекел факторлары мен ілгерінді ағымының жағдайлары туралы дұрыс түсініктемеі қалыптастырады, бұл жағдай науқасқа ұзақ уақыт ағымында ұсыныстар кешенін орындауға, пациенттердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастырады, олардың және жақындарының әрі қарай сауығу үдерісін ұстануға көмектеседі. Денсаулық сақтау мектебінде оқыту мақсаты – пациенттерді аурулар туралы хабардар болуын арттыру, аурулардың даму тәуекел факторлары туралы ескерту, пациенттің өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін арттыру, пациенттің ауруға өнімді және белсенді қарым-қатынасын қалыптастыру, сауығуға уәждемелеу, емделуге және дәрігердің ұсыныстарын орындауға ұмтылу болып табылады. Аталған мәселе бойынша «№ 5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК оқытудың дәрістік және практикалық бөлігі сапасын арттыруға бағытталған оқыту бойынша белсенді ақпараттық-насихаттау қызметі жүргізілуде. Емханада бронх демікпесі денсаулық сақтау мектебінде өзін-өзі бақылау біліктерін үйрету интенсивті курстарын өткізудің оң тәжірибесі бар. Оқытуды жоғары санатты дәрігерлер, қаланығ бас мамандары өткізеді, оқудың оң бөлігін учаскелік медициналық бикелер, психологтар өткізеді. Кабинет толықтай жабдықтармен, суретті материалмен, көрсеткіш жадынамалармен, денсаулық сақтау мектебінің аспектілері бойынша тақырыптық стендтерімен, тонометр, ингаляторлармен, небулайзерлермен, пикфлоуметрмен, глюкометрмен, муляждармен толықтай жабдықталған.

Бүгінгі күні «№ 5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК 7 денсаулық сақтау мектебі қызмет көрсетуде:

  • Артериалдық гипертония мен ЖИА мектебі;
  • Бронх демікпесі мектебі;
  • Қант диабеті мектебі;
  • Тәуекелдің іс-әрекет факторлары мектебі;
  • Қарттар мектебі;
  • Отбасын жоспарлау мектебі;
  • Бала тууға дайындық мектебі.
  • 10 айда денсаулық сақтау мектебінде оқытылғандардың саны:
  • Артериалдық гипертония мен ЖИА мектебінде - 365 адам;
  • Бронх демікпесі мектебінде - 296 адам;
  • Қант диабеті мектебінде - 1385 адам;
  • Тәуекелдің іс-әрекет факторлары мектебінде - 578 адам;
  • Қарттар мектебінде - 337 адам;
  • Отбасын жоспарлау мектебінде - 565 адам;
  • Бала тууға дайындық мектебінде - 1050 адам.

Денсаулық сақтау мектептерінде көрсетілетін қызметтер тізбесі:

  • Пациенттерді практикалық біліктіліктерге оқыту (Кетле Индексін, қан қысымын өлшеу, жүрек соғысы, қандағы қантты анықтау, демалудың жылдамдығын анықтау);
  • пациенттердің аурулар туралы ақпараттандырылуын арттыру, аурудың даму тәуекелі, асқыну, мүмкіндік қиындықтары туралы хабардар ету;
  • пациенттерді мақсатты таңдауға, сауығу бойынша жеке іс-әрекеттері жоспарын құруға үйрету және олардың орындалуын бақылау;
  • пациенттерде асқыну және криз жағдайларында алғашқы дәрігерге дейінгі көмек бойынша практикалық біліктерді қалыптастыру;
  • қан қысымы, гипергликемия, тұншығу ұстамасы асқынғанда өзі-өзіне көмек көрсету біліктерін дағдыландыру.












Денсаулық сақтау мектептеріндегі сабақтардың өткізілу кестесі

Өткізілу орны: «№ 5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК Мақатаев көшесі, 141, 3 қабат, 312 кабинеті мекенжайында орналасқан

Денсаулық сақтау мектебінің атауы Жауапты орындаушылар Уақыты
1 Артериалдық гипертония мектебі Б.М. Жуванышбекова – 1 терапия бөлімшесінің меңгерушісі Г.К. Әбдуалиева - 1 терапия бөлімшесінің учаскелік медициналық бикесі Апта сайын сәрсенбі күні сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
2 Қант диабеті мектебі Н.М. Ермұратова –эндокринолог дәрігері Г.Л. Хамраева –эндокринолог дәрігерінің медициналық бикесі Апта сайын сейсенбі күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
3 Бронх демікпесі мектебі Ш.К. Төремұратова -аллерголог К.Ж. Бүркітбаева - 2 терапия бөлімшесінің учаскелік медициналық бикесі Апта сайын дүйсенбі күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
4 Тәуекелдің іс-әрекет факторлары мектебінде Т.А. Разинова – алдын алу бөлімшесінің меңгерушісі Ш.С. Нұрғазиева – психолог дәрігері Апта сайын бейсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
5 Қарттар мектебі Т.А. Разинова – алдын алу бөлімшесінің меңгерушісі С.А. Шәкіржанова –психолог дәрігері Әр жұма күні сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
6 Отбасын жоспарлау мектебі Т.А. Разинова - алдын алу бөлімшесінің меңгерушісі Г.Омар – психолог дәрігері Апта сайын бейсенбі күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
7 Бала тууға дайындық мектебі Г.А. Авқұбаева – әйелдерге кеңес беру бөлімшесінің меңгерушісі Г.С. Бағаева - акушер Апта сайын бейсенбі күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін