Mobile menu

Әйелдерге кеңес беру бөлімшесі «Отбасын жоспарлау», «Кеудемен емізуді қорғау, қолдау және көмек көрсету» бағдарламасы, «Қауіпсіз аналық» нысаналы бағдарламалар мен қалалық кешенді бағдарламаларды іске асыру шеңберінде әйелдерге кеңес беру қызметі жүзеге асырылады. Бөлімшеде әр түрлі патологиялары бар әйелдерге өмірлерінің әр түрлі

Кезеңінде кеңес беру, диагностикалау және емдеу көмегі көрсетіледі, соның ішінде:

  • гинекологиялық ауруларды, жүктіліктің шағын мерзімдерін ультрадыбыстық зерттеу және диагностикалау;
  • жатыр мойыншығына биопсия және эндометрия жасау;
  • жатыр ішілік спиральді енгізу және алу;
  • сақтандырылудың жеке әдістері мен құралдарын іріктеу;
  • урогенитальдік жұқпалы ауруларды диагностикалау және емдеу (хламидиоз, трихомониаз, микоплазмоз, уреаплазмоз және басқалары);
  • кез келген жаста эндокриндік бұзуларды емдеу.

2005 жылдан бастап емханада қауіпсіз аналық принциптері бойынша жүкті әйелдерді тууға психологиялық алдын алуға дайындау үшін «Ламаз» мектебі ашылды. Әйелдерге кеңес беру бөлімшесінде есепте тұрған барлық жүкті әйелдер психологиялық алдын алу даярлаудан өтеді, бұл жүктілік пен бала туу ағымын, туғаннан кейінгі кезеңді жеңілдетеді, әйелдердің жүктілік пен бала туу мәселелері бойынша ақпарат алуын арттырады.