Mobile menu
Сау тұлғалардың әр түрлі сатыларда ауруларды анықтау мақсатында алдын алу медициналық қарау.

Құрметті тұрғындар!!!

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЕСКЕРТЕДІ:
«Халықтың нысаналы топтарын алдын алу медициналық қарауларын өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685, 2011 жылғы 16 наурыздағы № 145 бұйрықтары негізінде ӨЗ ДЕНСАУЛЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ОЙЛАҢЫЗДАР – МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАРАУЛАРДАН ӨТІҢІЗДЕР!

Скрининг – бұл ерте сатыда ауруларды және қауіп-қатер факторларын анықтау үшін белгілі бір жастағы дені сау адамдарды алдын алу медициналық тексерілуден өткізу, аурушаңдықты ерте анықтау, дер кезінде емдеу және алдын алу мақсатында дәрігердің адам денсаулығын ұдайы бақылауға алып, осылайша емдеудің тиімділігін арттыру және асқынулардың алдын алу.

  • - келесі жастағы еркектер мен әйелдер: 25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жас
  • Глаукоманы ертерек анықтау үшін:
  • - келесі жастағы еркектер мен әйелдер: 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68,70 жас
  • жатырдың қатерлі ісігін ертерек анықтау үшін:
  • - келесі жастағы әйелдер: 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жас
  • сүт безінің қатерлі ісігін ертерек анықтау үшін:
  • - келесі жастағы әйелдер: 50, 52, 54, 56, 58, 60 жас
  • қалың және тура шек ауруларын ертерек анықтау үшін:
  • - келесі жастағы еркектер мен әйелдер: 50,52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жас
  • қуықалды бездің қатерлі ісігін ертерек анықтау үшін:
  • - келесі жастағы еркектер: 50, 54, 58, 62 және 66 жас
  • өңеш пен асқазанның қатерлі ісігін ертерек анықтау үшін:
  • - келесі жастағы еркектер мен әйелдер: 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жас.