Mobile menu

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығын орындауды еске салады (бұдан әрі – Бұйрық) 2016 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін Сізге азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымына бекіту бойынша жыл сайынғы науқан өткізу қажет (бұдан әрі – МСАК).

Сізден МСАК ұйымына бекіту науқаны кезінде мынаны ескеруді сұраймыз:

  • Осы науқан жыл сайын, жылына бір рет 15 қыркүйектен 15 қарашада өту қажет (жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 11 тармағына сәйкес);
  • МСАК ұйымдарына азаматтарды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын жердегі МСАК ұйымына бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын азаматтарды қоспағанда, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады (елді мекен);
  • алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін әрбір денсаулық сақтау ұйымдары бекітілген халықтың денсаулығы үшін толықтай жауапты, әсіресе басқа әкімшілік-аумақтықта тұратын бекітілген тұлғаға.

Мәселелер туындаған жағдайда мына нөмірге 74-34-36, ұялы телефонға 87786305737 А.Т. Сералиеваға звандауды, сонымен бірге, е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жазуды сұраймыз.

Бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі «Әділет» бар.
Бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Директор Б. Байсеркин

Орын: А. Сералиева, Тел: 74-34-36

Мемлекеттік органдардың тізімі:

  • Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы;
  • Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы;
  • Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы;
  • Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы;
  • Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы;
  • Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы;
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы;
  • Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы;
  • Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы;
  • Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы;
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы;
  • Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы ММ;
  • МО Денсаулық сақтау басқармасы;
  • Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы.