2009 жылдың қыркүйегінен бастап ұйымға жоғары біліктілік санатты ұйымдастырушы дәрігер, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі, бас дәрігер Гүлшахира Ажымұқанқызы Қамбарова басшылық етуде.
Бас дәрігер Г.А. Қамбарованың басшылығы уақытында:
- Емхана 4 жыл мерзіміне аккредиттаудан өтті;
- Әйелдерге кеңес беру ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді. Емхананың кадрлармен қамтамасыз етілуі жақсарды: учаскелік терапевт дәрігерлерімен жинастырылу 100%-ға дейін, маман дәрігерлермен жинақталу 95%-ға дейін жетті. Халықтың психотерапевт дәрігеріне қол жетерлігі қамтамасыз етілді.
- Ішкі емханалық жергілікті торапты енгізумен және РДРО филиалына мәліметтерді уақытылы табыстау және жүкті әйелдерді есепке алу жұмысы үшін учаскелік акушер-гинеколотарды компьютерлермен қамтамасыз ету бағдарламалық қамтамасыз ету жақсартылды.
- 16-ға дейін қол жетерлік орнын ғаламтор көздерімен ұлғайтуды қамтамасыз ету жақсартылды.
- Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізумен күндізгі стационарларда жатын орындар 27-ге дейін ұлғайтылды: 20 жатын орын терапия бөлімшесінде және 7 жатын орын гинекология бөлімшесінде.
- Емхананың материалдық-техникалық жабдықталуы жақсартылды (цифрлы рентген-аппарат, көп функциялдық датчиктері бар УДЗ-аппараты).
2011 жылы емхана Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы құрметіне «БМСК үздік ұйымы» атты қалалық конкурсына қатысты.
«Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 606 бұйрығын іске асыру мақсатында емханада тіркеуге алу жұмысын қайта құру бойынша жұмысы өткізілді. Емхана «Кезексіз үздік емхана» республикалық конкурсына қатысты.
- Емханада «Науқастарға арналған ЖИА мен артериалдық гипертония мектебі» қызмет көрсетуде.
- Емхананың әйелдерге кеңес беру бөлімшесінде қала бойынша алғашқы қатарының санында «Климакс мектебі» ұйымдастырылды. Ол 40-тан асқан әйелдердің денсаулығымен, климактериялық синдромын түзетумен айналысады, остеопороздың алдын алуы мақсатында денситометрияны тағайындайды.
- Емханада «Остеопороз науқастарына арналған мектебі» жұмыс істейді, оның міндеттері остеопороз науқастарын алдына ала анықтап, емдеу болып табылады.
- Емханада 2012 жылдан бері «Жас терапевт мектебі» қызмет көрсетуде, онда негізгі кафедра қызметкерлері жас мамандардың кәсіби деңгейлері мен шеберліктерін арттыру мақсатында сабақтар жүргізеді.