Mobile menu

ШЖҚ «№5 қалалық емхана» КМК паразиттік аурулардың алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат.

ШЖҚ «№5 қалалық емхана» КМК қызмет көрсететін аумағында паразиттік аурулардың одан әрі таралуының алдын алу жөнінде балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептердің медицина қызметкерлері келесі іс-шараларды жүргізеді:

  1. Сауалнама жоспарына сәйкес балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында оқитын оқушыларды энтеробиоз және аскаридозға тексеріп, бақылауды күшейте отырып, ұйымдасқан ұжымдық тексерісті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне ақпаратты жіберу (тоқсан, жарты жыл, бір жыл).
  2. Безгек ауруына сараптама жүргізуге бақылау күшейтілді (толық есепке алу, дене қызуы көтерілген науқастарды тексеру, Ұлттық сараптама орталығына әрбір оныншы қан талдауын жіберу);
  3. (Эпидемиологиялық маусымында) Кәсіби қауіп төнген контингенттер арасында халықты кене энцефалитіне қарсы екпе егумен қамту шаралары кеңейтілді.

4.Экинококкоз ошақтарында байланыста болған адамдарды тексеруден өткізуді қамтамасыз ету күшейтілді (ауру тіркелген жағдайда);

  1. Мектепке дейінгі және білім беру ұйымдарында педикулезге, қышыма және дерматомикозға уақытылы және сапалы тексерулердің жоспарлы жүргізілуіне бақылау күшейтілді (демалыс күндерінен кейін және тұрақты);
  2. Паразиттік аурулар ошағында эпидемияға қарсы шаралардың толық орындалуына бақылауды күшейту (тіркеу кезінде);
  3. 13.02.2023 ж. - «Безгек, кене энцефалитінің клиникасы, диагностикасы, эпидемияға қарсы шаралар» тақырыбына;

14.02.2023 ж. - «Аскаридоз, энтеробиоз, педикулез клиникасы, диагностикасы, эпидемияға қарсы шаралар» тақырыбына;

ШЖҚ «№5 қалалық емхана» коммуналдық кәсіпорнында медицина қызметкерлері арасында эпидемиолог, инфекционисттің қатысуымен семинарлар өткізілді.

  1. Қызметкерлер арасында паразиттік аурулардың алдын алу бойынша әңгімелесу, дәрістер, санитарлық бюллетеньдер шығару, буклеттер, парақшалар, брошюралар тарату түрінде санитарлық-ағарту жұмыстары күшейтілді. Емхананың барлық қабаттарында паразиттік аурулардың алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілуде.
View the embedded image gallery online at:
http://5gp.kz/bizder-turaly/zhanalyktar#sigProId8697157618
Подробнее...

2023 жылдың 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында «Халықты алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына қосу науқаны» 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары.

💡 Тіркелудің негізгі артықшылықтары:

Медициналық қызмет көрсетуді үздіксіз үйініздің жанынан алыңыз.

Бұл жөнінде өз денсаулығыңызды күту бағдарламасына қатысу мүмкіндігі.

💡 білу керек:

Бекіту қаланың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде (яғни, қаланың бір ауданы шегінде) жүзеге асырылады. Өзіңіздің медициналық қызмет ету деңгейін  көтеру мүмкіндігін жіберіп алманыз.

Денсаулықты жақсарту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

📞 Толық ақпарат пен барлық сұрақтарыңызға жауап алу үшін Алматы қаласы ШЖҚ 5 қалалық емханаға КМК хабарласыңыз немесе Call-байланыс орталыққа мына нөмір арқылы хабарласыңыз: 8 (727) 344-98-04.

Бізбен бірге денсаулығыңызды күтіңіз! ⚕️